You are here

Вишняк Сергей Викторович

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

1961 жылғы 1 қазанда Ақтөбе қаласында туған.

Ұлты  – орыс.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Ақтөбе хром қосылыстары зауытында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 

2000 жылдан бастап қазіргі кезге дейін – «Динар-Электромаш» ЖШС іс басқарушысы. 

Ақтөбе облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі  болып табылады.

«Ел бірлігі» аталымы бойынша Қазақстан патриоты атағына, Ақтөбе облысының «Жыл адамы» атағына, Қазақстан Республикасы  Президентінің «Қайырымдылықты және Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін» алғысына ие болған.

Сергей Викторович қайырымдылық және демеушілік қызметке белсене қатысады, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне, жергілікті соғыстарға қатысқан ардагерлерге, жетім балаларға, туберкулезге шалдыққан балаларға, облыс спортшыларына  материалдық тұрғыдан қолдау көрсетеді.

«Құрмет» орденімен, Киелі Князь Даниил Московскийдің III дәрежелі орденімен, «Алғыс», «Қазақстанның ұлттық ұланына ХХ жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15