«Жан шуағы» қайырымдылық мерекесі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Жаңа 2017 жылдың қарсаңында Орал қаласындағы Достық үйінде Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «Этностар күні» аясында «Масис» армян этномәдени бірлестігінің мерекесі өтті.

«Масис» армян этномәдени бірлестігі облыстық мәслихаттың депутаты Аветик Амирханянның басшылығымен  ақыл-ойы кеміс балаларға  арналған мектеп-интернатының 33 оқушысына және отбасы үлгісіндегі  балалар ауылының 15 тәрбиеленушісіне мереке ұйымдастырып, сыйлықтар үлестірді.

Іс-шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, патриоттық тақырыптағы әндер шырқалды.

«Масис» армян этномәдени бірлестігі көптеген жылдар бойы балаларға көмектесіп келеді. «Кейде барлық жеке істерді қоя тұрып, қайырымдылық жасауға асығасың.  Бүгін де біз балалар езуіне күлкі сыйлау үшін келдік», - деді «Масис» армян этномәдени бірлестігінің басшысы  Аветик Амирханян. 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.