You are here

Тәжірибе алмасу

04.07.2017, 16:48   217

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Атырау облысы ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Шакірова Гүлмира Муслимқызының басшылығымен Атырау облысы ҚХА-ның қала, аудандардағы Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары  мен төрайымдары және  облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің жаңадан тағайындалған аудандық  7  сарапшылар мен қызметкерлері  Батыс Қазақстан облысы өңіріндегі Қазақстан Халқы Ассамблеясының соның ішінде «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің жұмысымен танысып, тәжірибе алмасу мақсатында  2017 жылдың  маусым айының  29-30 күндері  аралығында  Орал өңіріне іс-сапарға барып  қайтты.

Достық үйінде орналасқан этномәдени бірлестіктердің кабинеттерінің жұмыстарымен, безендірулерімен  танысып, пікір алмасты.

Іс-шара  барысында Батыс Қазақстан облысының ҚХА  төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі Капаков Ғайса Хамедулаұлы  және «Қоғамдық келісім» КММ басшысының м.а. Ихсанова Жамал Сағынғалиқызы Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмыстарымен   таныстырды.

Сонымен қатар, БҚО әкімдігі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  бөлім басшылары арнайы қызмет жоспарлары негізінде ақпарат беріп, жасалған жұмыстары бойынша  ілеспе  мәтіндері бар слайд  көрсетілімімен тәжірибе алмасты.

Арнайы бағдарлама бойынша Хатшылық меңгерушісі Ғ.Капаковтың басшылығымен Атыраулық делегацияны Зеленов ауданындағы Достық үйінің ішіндегі этномәдени бірлестігінің кабинеттерімен танысып, мұражай бекеттерінде болып, жаңадан салынған мектеп нысанының ішінде қазіргі заман талабына сай ағылшын, орыс, қазақ сынды арнайы жабдықталған сыныптар болашақ жасұрпақтың ынтасын жігерлендіріп, құштарлықпен білім алатындай дәрежесі бар ауқымды жұмыстарының ілгеріленіп жатқандығын байқатты.

Осындай нәтижеде Елбасының бастамасымен  құралған Ассамблея  жұмыстары белсенді түрде елді-мекендерде отаншылдықпен рухани-мәдени тұтастылығы сақталып,  дамып келе жатқандығы көңілімізге қуаныш ұялатты.

Ел бірлігі –ең асыл қасиет деп - дана халқымыз айтқандағыдай  «Елді іс біріктіреді, сөз бұзады» сондықтан, бірлік пен ауызбіршілік болғанда ғана мемлекетіміздің алар асуы мен  бағындырар белесінің көп болатына кәміл сенімді болатындығы сөзімізге қайшы келмесі анық.

 

Атырау облысы әкімі аппарытың

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15