You are here

«Тәуелсіз Қазақстан» поезының аясындағы іс-шаралар

22.11.2016, 15:01   500

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Орал қаласындағы Достық үйінде «Мәңгілік Ел – Болашағы біртұтас Ұлттың рухани негізі» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі идеясын насихаттау және алға бастыру.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары  «Тәуелсіз Қазақстан» поезының  қатысушылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, облыстық басқармалар басшылары, қоғамдық келісім кеңестерінің, аналар мен ақсақалдар кеңесінің басшылары, саяси партиялар көшбасшылары, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ЖОО студенттері мен оқытушылары болды.

Дөңгелек үстел модераторы БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Жамал Сағынғалиева болды.

Іс-шара барысында түрлі тақырыптар қозғалып, баяндамалар оқылды. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің идеясы туралы ғылым академиясының мүшесі, Астана қаласының қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор Қазбек  Казкенов айтып берді. «Мәңгілік Ел» идеясын алға бастырудағы этномәдени бірлестіктердің рөліне «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің басшысы, блоггер Аскер Пириев тоқталды. Кейін, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Даниял Танзенов сөз сөйледі. Содан соң біздің қоғамдағы ұлтаралық және дінаралық келісімдегі Қазақстанның рөлі туралы облыстық мәслихат депутаты, корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Максим Пак сөз алды.

«Мәңгілік Ел» актісі жас ұрпақты патриотизм рухында, Отанын сүюге тәрбиелеу үшін  өте қажет идеологиялық құрал. Әлемдегі қақтығыстарды тоқтату, жастарымыздың түсініксіз радикалды ағымдардың жетегінде кетпеуіне көмектесу және қақтығыстарға жол бермеу үшін біз «Мәңгілік Ел» идеясының айналасында бірігуіміз  керек және ұлтаралық, дінаралық келісімді нығайту ісіне өз үлесімізді қосып, басқа этностардың мәдениетіне құрметпен қарауымыз қажет» - деді дөңгелек үстелге жиналғандар.

Ауқымды акция аясында  Достық үйіндегі медиация кабинетінде жергілікті халықты медиаторлар мен судьялар қабылдап, заңгерлік кеңестер берді. Медиаторлардың қатарында:  Мерхан Қадимқызы Жанбузова, Анара Жалимова, Қатира Қульмагамбетова,  Альхуат Хамзин, Алтынай Жақсымбетова, Раиса Ковалева. Олар  түрлі мәселелер бойынша 30-дан астам азамат қабылданып,оларға  кеңес қызметтері көрсетілді. Сондай-ақ азаматтарды қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасының орынбасары Борис Чебаков пен Феликс Баюканский қабылдады.

Сондай-ақ «Тәуелсіз Қазақстан» поезының шеңберінде  этносаралық жағдайды   зерттеу мақсатында   әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, қорытындылары Президент Әкімшілігіне жолданды.

«Тәуелсіз Қазақстан» поезымен келген дәрігерлер облысымызда  414 науқасты қарады. 122 бала мен  63 науқас республикалық клиникаларға жолдама алды.

«Нұр Отан»  партиясының филиалы,  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, білім басқармасы,  жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар басқармасы  және әлеуметтік төлемдер орталығында  түрлі салалар бойынша бойынша 1930 адамды  қабылданып, поезд әрі қарай Ақтобеге аттанды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15