You are here

«Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

07.12.2017, 17:00   181

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Орал қаласында журналистика саласындағы «Шаңырак» республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұдан бұрын конкурс жеңімпаздары анықталғанымен, оларды марапаттау кейінге қалдырылған  болатын. Байқауға барлығы 64 жұмыс ұсынылды: 15-сі облыстық, қалалық, аудандық, газеттерде жұмыс істейтін журналистерден болса, 5-еуі телевидение саласының  журналистерінен. Қазылар алқасы жұмыстарды қарап шығып, әртүрлі номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтады. Облыстық, қалалық және аудандық БАҚ-тан  – Мұнайдар Балмолда, Гүлжамал Кенжеғалиева, Жанна Балықова, Роза Сатқанова, Гаухар Құрманғазиева, Бауыржан Шимерденұлы, Гүлжамал Кенжеғалиева, Гүлсезім Бияшева, Айгүл Логашкина, Оксана Игілікова, Оксана Каткова әртүрлі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды.

Байқауға қатысқан журналисттер жыл  бойы өңірдегі этносаралық қатынас туралы тақырыбында жазып, жергілікті жерлердегі қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысы, мемлекеттік тілдің жағдайы мен болашағы,  «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы аясында  есімдері тарихқа мәңгілік жазылған тұлғалар туралы басылымдарға жазып, телевидение арқылы көпшілікке жеткізуге тырысты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру туралы «Приуралье» және «Орал өңірі» газеттерінің журналистері жазып, «Ақжайық» телеарнасының журналистері бағдарлама құрды.    

Марапаттау салтанатында БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, Журналистер клубының төрағасы, «Ақжайық» телеарнасының басшысы Асланбек Губашев, байқаудың қазылар алқасының төрағасы, «Шаңырақ» және «Информбиржа news» газеттерінің редакторы, БҚО ҚХА мүшесі Сергей Кульпин сөз сөйледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15