You are here

Рухани жаңғыру – ұлт болашағы

05.07.2017, 09:59   253

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында 2017 жылғы 3 шілде күні Орал қаласындағы Ассамблея үйінде жазушы-публицист, әдеби сыншы Амангелді Кеншілікұлы Мырзабекпен кездесу ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шара ҚХА хатшылығының меңгерушісі - Ғайса Хамедоллаұлы Қапақовтың төрағалығымен өтті. Кездесуге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық әдеби сыйлықтың иегері, «Жайықтың ақ шағаласы» атанған ақын-жазушы Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгереева, жазушылар одағының мүшелері, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, ұстаздар, Ассамблея жанындағы қоғамдық келісім, ақсақалдар және аналар кеңестерінің төрағалары, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында Амангелді Мырзабек және ақын-жазушы Ақұштап Бақтыгереева тақырыпқа байланысты сөз сөйлеп, өзекті мәселелерді қозғап, рухани жаңғыру тақырыбы аясында бірқатар маңызды ақпараттар берді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15