You are here

Оралда ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шара өтті

29.11.2017, 17:59   168

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Орал қаласының Достық үйінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы» атты салтанатты шара өткізілді.

Шара бағдарламасында «Мемлекет басшысы – дана көшбасшы» тақырыбына кітаптар көрмесі ұйымдастырылды..

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы екендігі туралы Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Рахметолла Сүйербаев сөз сөйлеп жиынды ашып берді. Өз өмірлеріндегі, кәсітеріндегі  Елбасының рөлі туралы  облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, «Орал «Зенит» зауыты» АҚ бас директоры Вячеслав Хамзиевич Валиев, қалалық көпбейінді аурухананың қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Бақтияр Шарыхтайұлы Ташкенбаев (Болашақ бағдарламасының түлегі), Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Бақдәулет Закировтар сөйлеп Елбасына деген құрметтерін білдірді.

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының сараптамалық-талдау тобының мүшелеріне Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне белсенді қатысқаны үшін алғысхаттар табыстады.

Бұдан соң, Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі басталып, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Данильбек Саратов жеңімпаздарға марапаттарын табыстады.

Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың облыстық байқауында «Қазақстанның посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық жобаларға қатысуы» атты жұмысымен 3 орынға ие болған Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің аға оқытушысы, магистр Ғалия Ставаловна Саркулова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады, «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық айшықты айнасы» атты жұмысымен, 2 орынға ие болған «ҚазИИТУ» ҒББК оқытушылары Гүлжамал Өтепқалиқызы Қазкенова мен Гүлнұр Елтайқызы Рамазанова ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

«ҚазИИТУ» ғылыми-білім беру кешенінің оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Құрманғазы Бекболатұлы Қайыржановтың «Батыс Қазақстан: Тәуелсіздік жылдардағы конфессияаралық келісім» атты жұмысы және М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, магистр Жігер Қанатқалиұлы Алдияровтың «Мәдени жаhандану жүйесіндегі Қазақстандағы жаңғыру процестері» атты жұмысы І дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15