You are here

Оралда «Этностар мәдениеті күніне» орай іс-шара өтті

02.12.2016, 11:54   114

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Оралда «Этностар мәдениеті күні» аясында «Орал казактарының  – дәстүрлері» тақырыбына  іс-шара өтті. 

Мереке Никита Савичев ескерткішінен  бастау алып, онда Орал қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығының вице-консулы Юрий Пономарев, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, Орал казактарының ақсақалдары сөз сөйледі. Ескерткішке гүл шоқтарын қойғаннан кейін қонақтар оралдық суретші Сергей Сайбельдің суреттер көрмесін аралады.

 Вице-консул Юрий Пономарев «Орыс тілінің түсіндірме сөздігін құраушы В.И.Даль: «Бұл халықтың, казактардың тұрмысы мен өмірі бейтаныс суреттерімен және өмірімен әртүрлі, жарқын, берекелі» деп жазғанын тілге тиек етті.

Содан соң «Старый Уральск» мұражайында қонақтар Орал казактарының тұрмыс құралдарымен, экспонаттармен, ескі фотосуреттермен және ескі кітаптармен танысты. Жазушы А.Ялфимов казактардың «казачьи байки» аталатын шығармалар топтамасын айтып, көпшілікті тәнті қылды. Экранда ескі фотосуреттер мен казактар өмірінен суреттемелер көрсетіліп, «казак реквиемі» оқылды. «Озерная» ауылынан келген казак ансамблі «Моя родня», «На краю Руси обширной» әндерін орындады.

Жиналғандар Құрманғазының күйін ду қол шапалақпен қарсы алды. Сондай-ақ «Уральский казак» әңгімесінен үзінді оқылып, «Михайлов день» ансамблінің өнері тамашаланды. Қонақтар «Сыны Яик Горыныча» деректі фильмін көріп, «Сударушка» ансамблінің және РФ Қазан қаласынан келген қонақтар – татар көркемөнер ұжымының көркем өнерпаздар ансамблінің өнерлерін тамашалады.

 Содан соң студенттер мен мектеп оқушалары арасында өткен шығармалар байқауының және «Уголки старого Уральска» фотобайқауының қорытындысы шығарылды.

«Осылайша, Орал өңірінде барлық этностар татулық пен келісімде тығыз араласып өмір сүруде», - деп қорытылады Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов.

 Мереке баршаға сүйікті «Атамекен» әнімен аяқталды.

«Қоғамдық келісім»

КММ-нің баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15