You are here

Орал қаласының Достық үйіндегі марапаттау рәсімі

26.12.2016, 13:58   1162

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Орал қаласының Достық үйінде Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған ғылыми жобалар және журналистер арасында өткен  шығармашылық  «Шаңырақ»  байқауларының оңірлік кезеңінің жеңімпаздары салтанатты түрде  марапатталды.

Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне, этносаралық толеранттық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделіне арналған ғылыми жобалар және журналистер арасында өтетін шығармашылық  «Шаңырақ»    байқауларының өңірлік кезеңі  «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары аясында өткізілді.

Іс-шара мақсаты- Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін жылжытуға мүмкіндік беретін зерттеу қызметіне ғылыми қауымдастықты тарту, жастардың ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту бойынша монографияларды, оқу-әдістемелік құралдарды, ғылыми жұмыстарды шығаруға жәрдемдесу, журналстердіэтносаралық тақырыпқа жазуға ынталандыру  болып табылады. 

Өңірлік деңгейдегі байқауды ұйымдастырушылар БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы және БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ болып табылады.

Байқау екі кезеңде өткізілді: өңірлік байқау және республикалық қорытынды байқау. Байқау қатысушылары – жас ғалымдар, докторанттар және магистранттар, ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері, Қазақстанның ғылыми-сараптау қоғамдастығының өкілдері,жергілікті БАҚ өкілдері.

Өңірлік байқау қорытындысы бойынша жергілікті байқау комиссиясы ең үздік жобаларды іріктеп алып, республикалық кезеңде қатысуға жолдайды. Ғылыми жобалардың өңірлік байқауы жеңімпазы - КазИИТУ Ғылыми-Білім беру кешенінің аға оқытушысы Ринат Жұмагелдіұлы Жангалиевтің жұмыстарының бірі республикалық іріктеу кезеңінен жүлделі орынды иеленген. Ал журналистика саласында өткізілген шығармашылық  «Шаңырақ» байқауының жеңімпазы,  «Информбиржаньюс» газетінің     тілшісі Наталья Жукованың  жұмысы республикалық кезеңде арнайы сыйлыққ ие боллды.

Бүгінгі іс-шарада өңірлік байқаудың жүлдегерлері БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15