You are here

Орал қаласында ұйғыр мерекесі өтті

07.12.2016, 14:15   211

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Орал қаласындағы Достық үйінде  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Этностар күні» жобасы аясында ұйғыр халқының мәдениеті күні аталып өтілді.

Ұйғыр этномәдени бірлестігі әзірлеген мерекелік іс-шара барысында Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ішіндегі табыстары,  Елбасы бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының басты мақсаты ел бірлігі мен тыныштығын сақтау екендігі айтылды.  

БҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесі директорының орынбасары Жамал Ихсанова, ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы, ҚХА мүшесі Әсиям Үсенова жиналған жұртшылықты Тәуелсіздік мейрамымен құттықтап, ыстық ықылас, жылы лебіздерін білдірді. «Батыс Қазақстан облысында тоқсаннан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатса, соның бірі біздерміз. Санымыз көп болмаса да, өз тілімізді, мәдениетіміз бен өнерімізді ұмытпай, дамытуға бар күш-жігерімізді салып келеміз. Бұған Достық үйінде барлық жағдай жасалған. Мұның бәрі - тұңғыш Президентіміздің түрлі ұлт өкілдеріне деген қамқорлығының арқасы», - деді Ә.Үсенова.  

Іс-шара кезінде көне түркі халықтарының бірінен саналатын ұйғырлардың тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы бейнекөрініс көрсетіліп, ән-билеріне кезек берілді.  Келушілер сондай-ақ ұйғыр халқының ұлттық тағамдарынан дәм татып, қолөнер көрмесін тамашалады.

Елжан Ералы

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15