You are here

Неміс карнавалы өтті

19.07.2017, 17:46   290

Версия для печатиPDF versionEPUB version

БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен мәдениет және демалыс саябағында «Fasching» неміс карнавалы тойланды.

Бұл күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында карнавалдық шеру өтті. Саябақтың жаяу жүргіншілер аймағы мерекелік алаңға айналды. Шеруге «Атамекен», «Самал» лагерлерінің қатысушылары, балалар үйінің тәрбиеленушілері, «Хаймат» неміс қоғамының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары белсенді түрде қатысты. Саябаққа кіреберістен бастап сахнаға дейін әртүрлі кейіпкерлердің көркем киімдерін киген балалар мен үлкендер алаңмен жүріп өтті. Іс-шара барысында неміс ұлттық ойындары ұйымдастырылып, оған барлық тілек білдірушілер белсенді қатысты. Сондай-ақ, қонақтар үшін концерттік бағдарлама өткізіліп, соңынан карнавалдың ең белсенді қатысушыларына алғыс хаттар табысталды.

Карнавал күні Германияның көптеген қалаларында карнавалдық шерулер өткізіледі, оларды ZUG пойыздары деп те атайды. Ең ірі шерулер «карнавалдық қалаларда» өткізіледі, оларға Кёльн, Майнц, Дюссельдорф, Аахен, Бонн, Кобленц, Дуйсбург қалалары жатады. Мысалы, Кёльндегі карнавалдық пойыздың ұзындығы 7 шақырымға дейін жетеді және 4 сағаттан астам уақытқа созылады. 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15