You are here

Қоғамдық келісім кеңестерінің облыстық форумы

24.11.2016, 16:42   321

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Батыс Қазақстан облысында барлық деңгейдегі 239 қоғамдық келісім кеңесі жұмыс жасап, өз міндеттерін атқаруда. Бұл туралы облыстық қазақ драма театрында өткізілген Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің ІV форумында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжановтың атап өткеніндей, аталмыш жиынның ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылуының ерекше мәні бар. Қазіргі таңда Елбасы алға қойып отырған мақсат-міндеттерге сәйкес, ассамблея ұлтаралық қарым-қатынасты дамытудың бірегей институтына айналса, ел бірлігін нығайту мен ұлт татулығын одан әрі бекіндіру жолында қоғамдық бақылау тетіктері ретінде аталмыш келісім кеңестерінің жұмысын жоғары деңгейде жолға қоюдың маңызы зор. Қайырымдылық, медиация институтын және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша Батыс Қазақстан облысы еліміз бойынша алдыңғы лекте келеді.

Қазіргідей әлемді жайлаған экономикалық дағдарыс жағдайында жұмыссыздықты жоюға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы айрықша назарда. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос орындарға күнбе-күн мониторинг жүргізіліп отырады. Мемлекеттік салалық бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындары ашылып, несие көздері арқылы шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетілуде. Мысалы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында биыл 5,2 млрд. жуық теңге бөлініп, жыл басынан бері 8900-дің орнына 10542 жұмыс орны ашылса, соның 5148-і - тұрақты. Түрлі жұмыспен қамту шараларына 16025 адамды тарту көзделсе, ол күні бүгін 18520 болып орындалып отыр.

Форумда баяндама жасаған Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нәжімеден Есқалиевтің айтуынша, облыста тұрғындардың жұмыспен қамтылуы - көкейкесті мәселенің бірі. Мысалы, биылғы үшінші тоқсанда өңірдегі экономикалық белсенді тұрғындардың саны 333 мың адам болса, соның 317-сі жұмысқа тартылған. Жалдамалы жұмысшылар саны 190 мыңға жетіп, өткен жылғыдан 2,5 мың адамға өскен. 16,6 мың адам жұмыссыз болса, соның 1900-і - 15-24 жас аралығындағылар. Бұл ретте қоғамдық келісім кеңестері де белсенділік танытып, жұмыссыздық мәселелерін талқылап, ұсынымдарын жергілікті атқарушы органдарға беріп отыруы қажет. Сол секілді облыста өзін-өзі жұмыспен қамтушылар саны 118 мың адам болса, оларды да назардан тыс қалдыруға болмайды. Мысалы, оларға шаруасын жүргізуге демеуқаржы, ұзақ мерзімді жеңілдетілген несие беру жолдарын қарастыру қажет. Жиынға қатысушылар Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясын» бірауыздан қолдау жөнінде үндеу қабылдады.

Сондай-ақ қоғамдық келісім кеңестерінің үздіктеріне облыс әкімінің атынан алғысхаттар табыс етілді.

Елжан Ералы

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15