You are here

Киелі жерлер географиясы мәселелері талқыланды

22.12.2017, 12:31   249

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Орынбор  облысы халықтарының ассамблеясымен, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының тарих және археология орталығымен, «Содружество народов Евразии» ұйымымен, Орынбор мемлекеттік университетінің Оңтүстік Урал тарих және этнография ғылыми-зерттеу институтымен  бірігіп, Орал қаласында «Ресей мен Қазақстанның шекаралас аймақтарының мәдени мұрасы» атты халықаралық конференция өткізді.

Оның қатысушылары мына  мәселелерді талқылады:

  • далалық Еуразияның тарихи және киелі орындар географиясы Ресей мен Қазақстанның мәдениетаралық өзара әрекеттесу алаңы ретінде;
  • Ресей мен Қазақстанның шекаралас аймақтарындағы жалпы мәдени мұраның ескерткіштері;
  • сәулет ескерткіштері Оңтүстік Урал және Батыс Қазақстан өңірлерінің өткен тарихының символы ретінде;
  • Ресей мен Қазақстанның шекаралас аймақтарындағы тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау және қалпына келтіру проблемалары;
  • Ресей мен Қазақстанның шекаралас аймақтарындағы мәдениет объектілерінің туристік әлеуетін пайдалану.

ҚР ҰҒА құрметті академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Батыс Қазақстан облысы тарих және археология орталығының директоры Сдықов Мұрат Наурызғалиұлы  баяндама жасады.

«Ресей мен Қазақстанның шекаралас аймақтарындағы тарихи-мәдени мұраның жағдайы, проблемалары және оларды сақтап қалу перспективалары» (Орынбор облысының мысалында) тақырыбында министрдің орынбасары – Орынбор облысының мәдениет және сыртқы байланыс министрінің халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы, философия ғылымдарының кандидаты Александр Евгеньевич Калинин баяндама жасады. 

Бөкей Ордасының астанасы (Хан Ордасы мен Торғынқала) туралы тарих магистрі, Орал қаласындағы «Ғылыми зерттеулерге жәрдемдесу қоры» жеке қорының директоры Айболат Шамұратұлы Құрымбаев «Торғынқала» мысалында шекаралас аймақтардағы киелі орындар географиясын сақтау және Ресей Федерациясының аймағында орналасқан қабірлер мен көне  ескерткіштерге жол ашуды жеңілдету бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Мәдени мұраны сақтаудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі туралы «Орынбор қазақтарының қауымдастығы» Орынбор облыстық қоғамдық ұйымының басшысы Жәнібек Мырзабекұлы Иткөзов сөйледі.

Шекаралас аймақтардың тарихы мен тарихи орындарының мәселесі қозғалып, ол жиналған ғалымдардың үлкен қызығушылығын тудырды, келешекте бұндай кездесулер жыл сайын өткізілетін болады.

Конференция материалдары «Евразийский перекресток» атты ғылыми жинақта жарияланады.

Дата события Ассамблеи: 

Жұма, 22 Желтоқсан, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15