You are here

Қазақстан-Корея ынтымақтастық форумы

21.07.2017, 15:26   2272

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

Бейсенбіде Астанада 2017 жылғы 20 шілде күні 15-тен астам елден келген делегаттардың қатысуымен Қазақстан-Корея ынтымақтастық форумы өткізілді.

Іс-шараны «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды және ол республикаға инвестициялар, инновациялық технологиялар тартуға бағытталды. Сондай-ақ кездесу барысында шетелдік серіктестердің бизнес жүргізуі үшін елдің тартымдылығы туралы айтылды.

«Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында Мемлекет басшысы болашақта табысты дамуымыздың кепілі ашықтық екендігін және өз ерекшелігімізді сақтай отырып әрі бірегейлігімізді жоғалтпай, басқа тәжірибелерді ала білу екенін атап көрсеткен. Президент Қазақстанның көп этностығы кемшілік емес, артықшылық екенін әлденеше рет атап көрсетті. Және де елде тұратын этностар тарихи отандарымен жалғастыратын көпір рөлін атқаруға тиіс.

Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы кәрістердің Қазақстанға қоныс аударылуының 80 жылдығына орай және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өткізілетін кезеңде Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында халықаралық ынтымақтастық форумын өткізуге бастамашылық жасап, оған әлемнің 15-тен астам елінен 200-ден астам бизнесменді шақырды.

Мұндай Форум өткізу туралы шешім былтырғы жылы қабылданған болатын, Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы ЭКСПО-ны нақты істерімен қолдау ниетін осылайша білдірді. Ал Форумның шетелдік қатысушысы – Қазақстан үшін болашақтағы серіктес болуы ықтимал.

Іс-шара қатысушылар Қазақстанда шетелдік серіктестерге қандай жағдайлар жасалғаны туралы білікті сарапшылық пікір ести алатын, тиімді ресурстық және ақпараттық алаңшаларды қалыптастыруға бағытталған.

Форумға Қазақстан Парламентінің депутаттары, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ-ның, мемлекеттік-жеке серіктестіктің қазақстандық орталығының, «АТАМЕКЕН» ҰКП, Корея Республикасының «KOTRA» Сауда және инвестициялар жөніндегі агенттігінің өкілдері қатысты.

ҚР Парламентінің депутаты, Қазақстан кәрістері қауымдастығының төрағасы Роман Ким, «Caspian Group» АҚ президенті Юрий Цхай, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ким Дэ Сик және басқа құрметті қонақтар Форумға қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. Сөз сөйлеушілер осындай кездесулердің пайдалылығын атап көрсетіп, бұл ынтымақтастықты кеңейту туралы ниеттерін жеткізді.

Қатысушылар бизнестің Қазақстан даму институттарымен өзара қарыс-қатынас жасау мәселелерін, кездесетін кедергілер мен қиындықтар туралы қарастырып, шетелдік капитал қатысатын инвестициялық жобалардың мысалдары мен іске асыру тәжірибелері ұсынылды.

Өткен форум қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлер өзара іс-әрекет жасауына арналған бірегей коммуникациялық-ақпараттық алаңшаға айналды. Қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға мүдделіліктерін білдірді. Атап айтқанда, Корея Республикасы Қазақстанға қызығушылық танытуда. Биыл стратегиялық серіктестер болып табылатын біздің елдеріміздің арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 25 жыл толады.

Кездесуде шетелдік қонақтарға Орталық Азия өңірінде көшбасшы болып табылатын, қолайлы геосаяи жағдайы бар, табиғи ресурстарға бай Қазақстанның артықшылықтары көрсетілді. Қазақстанда бейбітшілік, тұрақтылық орныққанының және елдің ынтымақтастық үшін ашықтығының да маңызы аса зор.

Сондай-ақ Форум жұмысы шеңберінде қатысушылар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне барды.

Дата события Ассамблеи: 

Жұма, 21 Шілде, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15