Этномәдени бірлестіктерінің жетістіктері туралы фотокөрме

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Батыс Қазақстан өлкетану музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Үлкен ел - Үлкен отбасы» атты  жобасы аясында өңіріміздегі этномәдени бірлестіктерінің  25 жылда жеткен жетістіктері туралы  фотокөрме және фотоэкспозиция  ұйымдастырылды.

Көрмеге қала мектептерінің, колледждерінің оқушылары және мұғалімдер келді. 25 жыл ішінде Батыс Қазақстан облысында жұмыс жасайтын  этномәдени бірлестіктердің еңбектері мол – олар жасөспірімдер арасында патриоттық тәрбие жұмысын атқарып, қайырымдылық шараларға қатысып, Елбасы саясатын жүргізуге ықпал жасауда.

Вайнах шешен этномәдени  бірлестігінң төрағасы  Данильбек Саратов мұндай көрмелердің пайдасы туралы, жастарға тәрбие ретінде және еліміздің тарихында қалатыны туралы айтып кетті.

Батыс Қазақстан облысы  «Қоғамдық келісім» 

КММ – ің баспасөз қызметі

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.