You are here

Достық пен бірлікте

27.12.2016, 12:17   96

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жыл – мектеп тарихында айрықша жыл, мектептің «Достық» клубы өзінің 10 жылдық мерейтойын тойлауда. Дәл 10 жыл бұрын, Батыс Қазақстан облысындағы Мичурин орта білім мектебінде  Елена Петровна Киянскаяның бастамасымен Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты ашылды. Оның көмекшілері Мичурин мектебінің мұғалімдері, ата-аналар мен оқушылар болды. Кейіннен ұйым «Достық» клубы болып өзгерді. Алғашқы кезеңде  клуб 9 этнос өкілдерінің басын қосты. Жыл сайын мұнда этномәдени орталықтар ашылып, олардың саны көбейе түсті. Бүгінде клуб құрамына 11этностың өкілдері кіреді: орыстар мен шешендер, әзірбайжандар мен украиндықтар, кәрістер мен белорустар, өзбектер мен татарлар, немістер мен армяндар. Оларды ортақ шаңырақ пен туған жерге деген махаббат біріктіреді.

Клуб міндеті – қоғамдық келісім мен толеранттықты насихаттау, оқушыларды Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтар мәдениетімен таныстыру.

«Достық» клубы заман талабына сай қызмет етуге тырысады, облыстың және ауданның этномәдени орталықтарымен тығыз байланыста.

Клубтың мүшелері жыл сайын өткізілетін Сорочиндік жәрмеңкесі, Достық фестивалі, Орал өңірінің ақындарымен мен жазушыларының шығармашылық кештері, фольклорлық мерекелердің қатысушылары болып табылады.

«Достық» клубының 10 жылдығын мерекелеу күніне облыстық украин, татар, әзірбайжан, шешен  эномәдени бірлестіктерінің өкілдері  шақырылды.

Мектептің барлық ұжымы аталған мерейтойды мерекелеуге үлкен жауапкершілікпен дайындалды: ұлттық костюмдер тікті, оқушылар өздерінің тәлімгерлерінің басшылығымен қолдан әр түрлі бұйымдар жасады, ауыз әдебиетін жаттады және т.б. Оқушылардың ата-аналары да қуана-қуана өз көмектерін көрсетті – әрбір халықтың тарихы, тұрмыс-салты туралы білімдерімен бөлісті. Іс-шараға ат салыспаған адам болмады.

Мерекелік іс-шараға БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Асулан Досжанов, «Нұр Отан» партиясының Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Нұржан Дүзбатыров, Мичурин ауылдық округінің әкімі Беккали Бержанов, педагог ардагерлер, Мичурин ауылының тұрғындары қатысты.

БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Хамедуллаұлы Қапақов өз сөзінде клуб қызметінің Қазақстанның қазіргі заманғы даму кезеңіндегі маңыздылығы туралы атап өтті.

Іс-шара барысында клуб ұжымы, мектеп директоры, клубтың этномәдени орталықтарының кураторлары БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының, аудан және ауыл әкімдіктерінің мақтау қағаздарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15