Достығы жарасқан халықтар

Версия для печатиPDF versionEPUB version

«Этностар күндері» аясында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қатысуымен Орал қаласының Достық үйінде әзербайжан  этносының мәдениеті  күні өтті. 

Іс - шара Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында және жұртшылықты әзербайжан халқының мәдениетімен таныстыру мақсатында өткізілді. Батыс Қазақстан облысында әзербайжан этносының 1500-ден астам өкілі  тұрады және олар экономиканың барлық салаларында еңбек етіп елімізге елеулі үлес қосуда. Әзербайжан этномәдени бірлестігі қайырымдылық ісіне өте белсенді қатысып келеді, атап айтқанда, бұл бірлестік бірнеше жыл бойы Орал қаласындағы № 15 арнайы мектеп-интернатына қамқорлық жасап отырады. Осы мектептің оқушылары ұйымдастырылған кешке келіп халықтар билерін орындап берді. Шарада қолданбалы өнердің, кітаптар мен ұлттық тағамдардың көрмесі ұйымдастырылып, Батыс Қазақстан облысындағы әзербайжандардың өмірі туралы бейнеролик көрсетілді. Мерекеге облыстағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдық бөлімшелерінің мүшелері, Орал қалалық мәслихатының депутаттары шақырылды.

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғ.Қапақов пен  БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері жиналғандарды келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, барлық ұлттарды жалпы үйіміз - Қазақстан Республикасында, бір Шаңырақ астына біріктірудегі Елбасының саясатын атап өтті. Содан соң армян этномәдени бірлестігінің жетекшісі Аветик Амирханян сөз сөйлеп, әзербайжан халқының еңбексүйгіштігін және Қазақстанда барлық этностардың бейбіт өмір сүруіне барлық жағдай жасалғандығын атап өтті.

Қалалық мәслихат депутаты, «Жайық-Пресс» медиахолдингінің бас директоры Жантас Сафуллин тарихқа шолу жасап, сонау 1911 жылы батыстағы алаш-ордалықтар Ғұмар Қараш пен Елусін Буйрин сол кездегі Бакудың ірі кәсіпкері, меценат Зейнел-Ғабиден Тагиевтен көмек сұрап, ол «Қазақстан» газетін шығаруға қаржы берген, бұл әзербайжандар мен қазақтардың бұрыннан дос  екендігін білдіреді, деп Жантас Набиоллаұлы депутаттық корпус бойынша әріптесіне ізгі ниетін білдірді.

Мереке аясында қала мектептерінде суреттер, шығармалар байқаулары, жас таланттар байқауы өткізілді. Мерекелік шара өткізу барысында үздік жұмыстар авторларына, әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшелеріне алғысхаттар мен естелік сыйлықтары табысталды.

БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.