You are here

Депутаттармен кездесу өтті

14.07.2017, 17:55   246

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылы 13 шілде күні Достық  үйінде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Мусин Қанат Сергейұлы және экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Казанцев Павел Олеговичпен кездесу өтті. Аталмыш шараға этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері, ақсақалдар кеңесінің, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің, ғылыми - сараптамалық  топтың, аналар кеңесінің мүшелері, БҚО «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы, БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Парламент Мәжілісі депутаттары жиналған қауымға  өздерінің  атқарған жұмысы сонымен қатар заңдардың өзгерісі, оларды әзірлеу  және қабылдау барысы туралы толық ақпарат беріп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға жауап берді.

Жалпыұлттық әлеуметтік демократиялық партия республикалық  қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы Мұқанова Қадиша Халыққызы  БЖЗҚ зейнетақы қорындағы салымдары туралы және медициналық сақтандырудың ерікті түрде болуына ұсыныс білдіріп, депутаттар тарапынан лайықты жауапқа ие болды. Сонымен қатар кездесуге жиналған қауымды тек мемлекеттік емес, сонымен қатар мемлекетаралық мәселелер, туризм саласы, медицина және спорт саласы, ардагерлердің жағдайы толғандыратынын айтты. Мәселен, Үкіметтен ҚХР-дың Қазақстандағы инвестициялық жобаларының барлық шарттарын халыққа жариялауын сұрады және еліміздегі  төменгі күнкөріс деңгейін (прожиточный минимум) өсіру қажеттілігін айтты.

Екі сағат көлеміне созылған кездесу  өте ауқымды және мағыналы өтті, бірқатар проблемалардың шешімі, халық көкейінде жүрген сұрақтардың жауабы табылып, ұсыныстары қабылданды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15