You are here

Бірлесе қабылданған шешім – ең дұрыс шешім

26.05.2017, 09:58   113

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 23 мамырда Достық үйінде Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Ынтымақ» депутаттық тобының отырысы өтті. Облыстық мәслихат депутаты, кәріс этномәдени бірлестігінің төрағасы М.В.Пактың  төрағалық етуімен өткізілген депутаттық топ жұмысына облыстық мәслихаттың депутаттары, этномәдени бірлестіктер мен БҚО ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде «Ынтымақ» депутаттық тобының жұмысына қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Ынтымақ» депутаттық тобының 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарлары қарастырылды. Сондай-ақ отырыста депутаттық топтың 2016 жыл ішіндегі жұмысы қорытындыланды.

Біздің депутаттар, әртүрлі отырыстарға, дөңгелек үстелдер жұмысына қатыса отырып, өз сайлаушыларымен ел басшылығының бағдарламалық құжаттарын насихаттау бойынша, пайда болған проблемалық мәселелерді шешу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп отырады. Былтырғы жылы депутаттық топтың бастамасымен халықтың неғұрлым осал топтарына, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге, жетімдерге көмек көрсету бойынша үлкен жұмыс басталды. Биылғы жылы ол өз жалғасын тапты, мысалы, бәріңіз білесіздер, біздер Қайырымдылық күніне белсенді қатыстық. Ұлттық Наурыз мерекесі қарсаңында облыс әкімі А.С.Көлгінов барлық жаны жомарт жандарды «Қайырымдылық көктемі» акциясына қатысуға шақырып, оған біздің депутаттарымыз белсенді қатысты. Оның аясында қайырымдылық балы өткізіліп, бұдан түскен қаржы 400 отбасыға мереке қарсаңында азық-түлік және мұқтаж жандарға мүгедектер арбалары түрінде көмек беруді ұйымдастыруға жұмсалды. Біз жыл сайын толеранттылықты, достықты және рухани келісімді насихаттай отырып, көптеген іс-шаралар өткіземіз, - деп атап өтті «Ынтымақ» депутаттық тобының төрағасы Максим Валерьевич Пак.

Отырыста «Ынтымақ» депутаттық тобының жұмыс кестесі бекітілді, сондай-ақ «Ынтымақ» қорын және қамқоршылық кеңес құру туралы ұсыныс көтерілді. Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Хамидоллаұлы Қапақов «Ынтымақ» депутаттық тобының басты мақсаты – облыстағы ұлтаралық және дінаралық келісімді, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту, қоғамдық келісім кеңестерінің рөлін күшейту, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру болып табылатындығын атап өтті.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15