You are here

Батыс Қазақстан облысы жастары ЭКСПОны қолдайды

13.06.2017, 09:32   321

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ағымдағы  жылдың 10 маусымында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «БІЗ ЭКСПОНЫ ҚОЛДАЙМЫЗ»   атты флеш моб акциясы өтті. Аталмыш шараға белсенділік танытып облысымыздың «Батыс қамқор» Жастар қоғамдық бірлестігі, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан студенттер альянсы және облыстық ЭКСПО еріктілері  жастары қатысты. Аталмыш шараға арнап концерттік бағдарлама әзірленді. Жастар тарапынан Достық үйінің алаңында флэш моб ұйымдастырылды. Аталмыш шараның басты мақсаты жастардың ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің идеяларын насихаттау. Қазақстан астанасының имиджін көтеру, еліміздегі еріктілер қозғалысына қолдау көрсету және жастардың санасына елімізде халықаралық іс-шараларды өткізу Тәуелсіздігіміздің арқасында мүмкін болғандығын жеткізу болып табылады.

-Біздің мемлекет үшін халықаралық көрме дамыған отыз елдің қатарына кіру үшін үлкен мүмкіндік. Бүкіл әлем назарын аудартқан Астанамызда, соңғы бес жылда көптеген жұмыстар атқарылды, зәулім ғимараттар салынды, үлкен жұмыстар бастама алды, бұның барлығы Тәуелсіз Қазақстан үшін үлкен мәртебе. Біз ЭКСПОны қолдаймыз, барынша белсенді болып, аталмыш көрменін жоғары деңгейде өтуіне өз үлесімізді қосамыз, - деді «Батыс қамқор» Жастар қоғамдық бірлестігінің көшбасшысы Серіков Темірлан.

Кезекті «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесі Қазақстанның елордасы Астана қаласына бұйырғандығы 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Халықаралық көрме бюросының 103 мүше-мемлекеті Астана қаласына дауыс берді. Біздің елдің ұйымдастырушыларының тарапынан ұсынылған Future Energy, яғни Болашақ қуаты тақырыбы сарапшылардың көпшілігінің көңілінен шығып, «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы ретінде қолдау тапты.

Зульфия НАБИУЛИНА

БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15