You are here

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы өтті

16.06.2017, 16:16   376

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ағымдағы жылдың 15 маусым күні  Орал қаласы  Қазақ драма театырында «Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың ХХV сессияда қойған тапсырмаларынан туындайтын міндеттер туралы» Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтті. Сессия жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық маслихат депутаттары, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің басшылары, кәсіподақ, саяси партиялардың,  үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, жастар, баспасөз өкілдері қатысты. Облыс әкімі, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Алтай Сейдірұлы Көлгінов төрағалық етті. Күн тәртібінде: Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың ХХV сессиясында қойған тапсырмаларынан туындайтын міндеттер туралы, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының даму тұжырымдамасын бекіту туралы, Облыстық Ассамблея мүшелерінің ротациясы туралы мәселелері қарастырылды. Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың болашаққа бағдар, рухани жаңғыру атты мақаласы талқыланып,бірқатар Ассамблея мүшелері сөз сөйлеп, өз ойларымен бөлісті.

- Егер өткен жылдар бедеріне көз жүгіртер болсақ, облыстық ассамблеяның ең алғашқы сессиясынан-ақ өңіріміздегі этносаралық және конфессияаралық татулық пен түсіністікті нығайту бағытында ауқымды істер бастау алған болатын.  Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлы 25-ші сессиясында Елбасы қоғамдық сананы жаңғырту үшін Қазақстан халқы ассамблеясының алдында тұрған нақты мақсат-міндеттерді белгілеп, басым бағыттарды айқындап берді. Өңірімізде қайырымдылық бойынша үйлестіру кеңесі құрылып, ізгілікті істер бойынша жұмыс жоспарын орындаудамыз.«Мейірімді көктем» қайырымдылық айлары акциясы тек қана көктеммен шектелмей, жыл бойы игі істер жалғасын таба береді деп айтқан болатынбыз. Қайырымдылық балы өткізіліп, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілсе, мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалысына арнайы арбалар сыйланды. Облыс бойынша «Мейірімді көктем» қайырымдылық акциясы шеңберінде барлығы 43675 адамға 18,5 млн. теңге  қайырымдылық көмек негізінде және жергілікті бюджеттен 119,3 млн теңгенің көмегі ақшалай, тұрмыстық техникалай, сыйлықтай, азық-түлікпен көмек көрсетілген.

Рухани және мәдени шаралар әлі де жалғасып келетінің  облыс әкімі, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Алтай Сейдірұлы Көлгінов атап өтті.

- Сананы жаңғырту – ол Елбасымыз айтқандай ескі әдеттерден арылу. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегендей, әсіресе, жершілдік, жүзшілдік, рушылдық, сыбайластық, тамыр-таныстық, сынды жат әдеттер кейінгі ұрпаққа берілмеуі керек. Сондай-ақ мансапқорлық, табысқа масаттанушылық, орынсыз ысырапқорлық сияқты келеңсіз құбылыстардан да біржола арылғанымыз жөн.Сонда ғана біздің қоғамда Елбасымыз айтқандай кемелденген сана қалыптасады.  Заңғар жазушымыз М.Әуезовтің «Ел боламын десең бесігіңді түзе» - деген сөзі бар. Демек әр адамның туған жеріне, ұлтына, жалпы Отанына – деген сүйіспеншілік тал бесіктен басталу керек. Ол үшін құндылықтармызды алыстан іздеп әуре болудың қажеті жоқ, - деді Жаңақала аудандық мәслихатының хатшысы, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Закарие Сисенғали.

Сонымен қатар,облыстық ассамблеясының даму тұжырымдамасы жобасы бекітіліп, сессияға қатысушылардың назарына ұсынылды. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов Ассамблея мүшелерінің ротациясы бойынша бірқатар өзгерістері туралы баяндап, сессияға қатысушылардың қолдауымен еңгізілген өзгерістер бекітілді.

Сессия соңында облыс басшысы ТОО «Зап – Каз» автопаркінің директоры, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің  мүшесі Бірманов Нұрлыбек Шайдоллаұлын 70 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтап, барша сессияға қатысушыларға жылы лебізін білдірді. 

 

Зульфия НАБИУЛИНА

БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15