You are here

БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады

29.06.2017, 11:20   330

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Байланыс және ақпарат қызметкерлер күні қарсанында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақжайық өңірінің бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін құттықтады. Аталмыш шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов және хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов қатысты. Жиналған БАҚ өкілдері мерекелік көңіл – күй мен ерекеше алғыстарға ие болды.

Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Сіздер жекелеген адамдардың тағдыры да, қоғамның рухани ахуалы да адал, шынайы журналистік сөзге байланысты екенін жақсы білесіздер. Сондықтан өздеріңіздің,  газеттеріңіз бен көрерменнің, тыңдарманның алдында адал болудың жөні бөлек. Облыстың билік органдары мен БАҚ арасында қалыптасқан қарым-қатынастың сындарлы сипат алғанын атап өткім келеді. Сіздердің салмақты сөздеріңіз бен салиқалы пікірлеріңіздің арқасында халық билікке өз сөзін жеткізіп отыр және баспасөзбен тығыз байланыстың нәтижесінде атқарушы билік органдарының қызметі туралы облыс тұрғындарына жедел және дәлелді ақпараттар жеткізіліп келеді, - деді М.Тоғжанов.  Ғайса Қапақов Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында құрылған Журналистер клубының мақсаты мен міндеттері, құрылымы мен жұмысы жөнінде толық ақпарат беріп, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.

- Елбасы жүктеген міндеттерді іске асыру бағытында, ертеңіміз - елеулі, болашағымыз - бояулы, бала – шағамыздың езуінде күлкі болу үшін жұмыстанайық. Оралымыздың журналистері алдағы уақытта да осы прогресшіл қалпынан айнымай, қоғамды толғандырып жүрген өткір проблемалардың ортасында жүреді деп сенемін, - деді хатшылық меңгерушісі.

Журналистерді мерекемен сондай-ақ «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Губашев Асланбек Зиннатович құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Кеш барысында БАҚ саласының үздіктері алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15