You are here

Ассамблея достарын ұмытпайды

05.02.2018, 12:20   167

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Орал қаласындағы Достық үйінде БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының дүнген этномәдени бірлестігігнің жетекшісі Абдуманап Каримовке арналған еске алу кеші өтті.

Еске алу кешіне Абдуманап Каримовтың ассамблеялық достарымен бірге туыстары, жолдастары, балалары жиналды. Өзінің саналы ғұмырын Абдуманап Каримов Батыс Қазақстан облысына арнады, оның достары болған азаматтар түрлі ұлт өкілдері еді - қазақтар, әзірбайжандар, орыстар, татарлар, армяндар және облыста өмір сүріп жатқан барлық этностардың өкілдері.

Абдуманап Каримов Жамбыл облысының Дунгановка (қазіргі кезде Жалпақ төбе) ауылында дүниеге келген. Бала кезінен бастап өз халқының салт-дәстүрін бойына сіңіріп өскен, өзінің сөзі бойынша «ұлты – дүнген, ал жаны – қазақ» болған, қазақ әнін, қазақтың ұлттық тағамын сүйген, қазақ тілін еркін меңгерген. Өзінің еңбек жолын құрылысшы, дайындаушы болып бастап, кейіннен кәсіпкерлікпен айналысқан. Достары мен туыстарының еске алулары бойынша, Абдуманап ешқашан бос отырмайтын, өзінің сүйген ісімен айналысып онымен қатар аңшылық пен балық аулау құмар ісі (хоббиі) еді. Оны көбі білетін, ол туралы жергілікті газеттер жазып,  ресейдің «Охота и рыбалка» арнасы тегі дүнген, жаны қазақ оралдық аңшы туралы сюжет түсірген болатын, алайда ол өзін эфирден көре алмады, 55 жылдық мерейтойына жетпестен, кенеттен дүние салды.

 Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблея төрағасының орынбасары  Ғайса Қапақовтың айтуы бойынша, Абдуманап Каримов үлкен мансап пен дәреже туралы ойланбайтын, ол адамгершілік қасиетті жоғары қойған азамат еді,  әрдайым тұрмысы төмен  отбасыларына көмектесіп, оның ішінде ешкімді ұлтқа бөлмей достыққа адал болып өткен азамат.

Қазақстан халқы Ассамблеясындағы достары «өздерінің Абдуманапын» еш ұмытқан жоқ және оны еске алу кешін өткізіп, достары мен туыстарының басын қосуды ұйғарды.

Дүнген халқы 1887 жылдан бастап өз тағдырын қазақ халқымен байланыстырып, басқа этностармен және барлық қазақстандықтармен бірге үлкен тарихи даму жолынан өтті. Орал өңірінде дүнген этномәдени бірлестігі 2007 жылдың 22 тамызында ашылды. Дүнгендердің негізгі кәсібі егіншілік болды, олар өздерінің еңбексүйгіштігімен, қолөнерге деген құштарлығымен, музыкалық фольклорға деген сүйіспеншілігімен ерекшеленеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамындағы этностар арасындағы қарым-қатынасты әрі қарай үйлестіру ісін оның туыстары мен достары жалғастыруда.

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 5 Ақпан, 2018

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15