You are here

Армяндар су мерекесін тойлады

25.07.2017, 16:27   413

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Жыл сайын  Батыс Қазақстан  облысы Қазақстан  халқы Ассамблеясының  қолдауымен, этностардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін сақтау және насихаттау  мақсатында, этномәдени бірлестіктердің мәдени күндері өткізіледі. Осыған орай мәдениет және демалыс саябағында  армяндардың «Масис» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Вардавар» мерекесі өтті.

- Армян халқының өкілдерін, барша қала тұрғындарын «Вардавар» мейрамымен құттықтағым келеді. Бұл мереке Арменияда және әлемдегі барлық армян диаспораларында кеңінен тойланады. Ал Орал қаласында екінші рет ұйымдастырылып жатыр. Оған барлық этномәдени орталықтар атсалысуда. Өйткені біз, қазақстандықтар, - бөлінбейтін, татулығы жарасқан, біртұтас халықпыз.

Елбасы саясатының арқасында ұлттық мерекемізді лайықты түрде атап өтудеміз. Бес мың жылдан аса тарихы бар көне су мерекесінің шығу тарихы шаруалардың жаз ортасындағы ыстық келгенде егістікті қолдан суаруымен байланыстырылады. Осы уақытта олар бір біріне су шашып ойнап, жан дүниелерімен шаттана қуанысады, еркін араласады, - дейді «Масис» армян этномәдени орталығының төрағасы Аветик Амирханян.

Вардавар - жаңбыр шақыру немесе су мейрамы десе де болады. Армян ұлтының өкілдері бір-біріне су шашысып, әуенге қосылып, шаттана би биледі. Мерекелік іс-шара соңында  достық пен бейбітшіліктің символы ретінде көгершіндер көкке ұшырылды.

Дата события Ассамблеи: 

Сәрсенбі, 26 Шілде, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15