You are here

Ғылыми-сарапшылық қызмет

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Иманғалиев Асхат Сәлімұлы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, БҚО ҚХАның ғылыми-сараптама тобының басшысы

Иманғалиев Асхат Сәлімұлы 1953 жылы Гурьев облысы Гурьев қаласында дүниеге келген. 1975 жылы Гурьев педагогикалық институтын тарих мамандығы бойынша бітірген. 

1975-1976 жж. Гурьев теміржол техникумының тарих пәнінің оқытушысы. 1977-1979 жж. Гурьев теміржол транспорт техникумында комсомол ұйымының хатшысы.

Ғылыми-педагогикалық өтілін жоғары оқу орнында 1979-1982 жж. Гурьев педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасының оқытушысы қызметінен бастайды. 1982 жылы аталған кафедраның аға оқытушысы. 1985 жылы Ы. Алтынсарин атындағы ҒЗИ-дың аспирантурасын аяқтап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алады.

1987-1989 жж. Гурьев педагогикалық институтында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, тарих-филология факультеттерінің деканы. 1991 жылы доцент ғылыми атағын алады. 

1996-2009 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің  жалпы және халықтық педагогика кафедрасының профессоры. 1989 бен 2000 жылдар аралығында ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры. 1999 жылы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алады.

2000-2008 жж. А.С. Иманғалиев Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік  университетінің ректоры. 

2008-2009 жж. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі. 2009 жылы «Каспий жағалауы академиясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланады.

А.С. Иманғалиев 2000 жылы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, 2006 ж. Қазақ білім академиясының академигі. 

100-ден аса ғылыми еңбектердің, соның ішінде бірнеше монография, оқулықтардың авторы.

2011 жылдың 27 шілдесінде М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалады.

1999-2004 жылдары Атырау қалалық мәслихатының депутаты болып сайланады. 2004 жылдан 2011 жылға дейін Атырау облыстық мәслихатының депутаты және 2005 жылдан «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық Саяси Кеңесінің мүшесі. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президенті сайлауында «Отан» партиясы Атырау облыстық штабының, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі сайлауында «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық штабының төрағасы қызметін атқарады. 

2012 жылдан Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды (бесінші шақырылым). 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15