You are here

Ассамблея туралы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының

Құрылымы

Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымын облыс ассамблясының сессиясы және ассамблея хатшылығы құрайды. Облыс ассамблеясының жоғары басқарушы органы жылына бір реттен кем емес ассамблея төрағасы шешімімен шақырылатын сессия болып табылады. Облыс ассамблеясының төрағасы лауазым бойынша облыс әкімі болып табылады.

Төраға қалыптастыратын және басқаратын, сессия арасындағы басқарманы жүзеге асыратын ұжым органы облыс ассамблеясының кеңесі болып табылады.  Ассамблея кеңесінің отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.

Облыс ассамблеясының жұмыс органы облыс әкімі аппаратының құрамына кіретін, хатшылық болып табылады.

Этномәдени бірлестіктер төрағаларының арасынан екі кандидат жыл сайын облыс ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі ауыспалы орынбасарлары болып тағайындалады.

Облыс ассамблеясының құрамы Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан – этномәдени  және басқа қоғамдық бірлестіктердің төрағалары, мемлекеттік орган өкілдері және қоғамдағы беделіне байланысты басқа да тұлғалардан қалыптастырылады.

Облыс ассамблеясының мүшелеріне барлық кандидаттар кеңес отырысында қарастырылады, соңынан облыс ассамблеясының сессиясында төрағаның бекітуіне ұсынылады.

Облыс ассамблеясының қоғамдық органы  облыстың беделді адамдары мен ғалымдары арасынан құралған ғылыми-сарапшы кеңесі мен ақсақалдар кеңесі, сонымен қатар толеранттылық пен жастар қанаты мәселелерімен айналысатын аналар кеңесі  болып табылады.

Облыстағы аудандар мен Орал қаласының жұмыс топтарын аудандар мен Орал қаласының әкімдері басқарады.

Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы құрылды. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі күнгі негізгі мақсаты ана тілін,мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрді сақтау мен дамыту,  ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастар саласындағы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарымен өзара тиімді  қарым-қатынас орнату.

Аудандарда Қазақстан халқы Ассамблеясының аудандық топтары - 12 топ және негізгісі Орал қаласының облыстық орталығында құрылды. Сондай-ақ аудандар мен облыста қоғамдық келісім мен ұлттықбірлікті нығайтуға азаматтық институттардың, әлеуметтік, саяси және басқа да бірдестіктердің күш-жігерін шоғырландыру үшін жасалған қоғамдық келісім кеңесі атқарады.

Қала мен аудандарды этномәдени бірлестіктер үшін концерт залы мен әр қоғамға бөлмесі бар достық үйі ұсынылды. Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында Қоғамдағы демократиялық реформаларды, түрлі өнер және қазақстандық патриотизм рухында өскелең ұрпақты білім дамуына жәрдемдесу үшін ақсақалдар кеңесі, жұртшылықпен байланыс және БАҚ-пен қарым қатынас кеңесі, жастар қанаты және ғылыми - сараптама тобы, аналар кеңесі жұмыс істуде.

Абай, Т. Шевченко, А.С. Пушкин, Г. Тоқай, М.Шолохов және тағы басқа сияқты көрнеті мәдениет қайраткерлерінің поэзиясының рухани-мәдени мұрасына үйрететін түрлі байқаулар мен шығармашылық фестивальдар өткізіледі.

Аудандар мен Орал қаласындағы этномәдени бірлестікткрдің шығармашылық пен әуесқойлық ұжымдары жиналатын достық фестивлі дәстүрге айналды.

Туған жердің тарихын, мәдениетін және тілін зерттеп, білу үшін балаларға жалпы орта білім беретін мектептердің жанынан  жексенбілік сыныптар ашылды. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері үшін қазақ тілі курсы ашылды. Облыста 86 этностың өкілдері тұрады. Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы ассамблеясының жұмыс органы - БҚО ҚХА хатшылығы. Хатшылық меңгерушісі – Қапақов  Ғайса Хамедулаұлы.

Мемлекеттік  ұлттық саясатты іске асыру мақсатында этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету үшін азаматтық бастамаларға көмек көрсету және облыс ассамблеясының жұмысы мен ұйымдық құрылымының тетіктерін жетілдіру үшін, оның қалалық және аймақтық құрылымдарды этносаралық қарым-қатынастар саласындағы мемлекеттік және азаматтық институттарының арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 1 шілдедегі №165 шешімімен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.  Басшысы – Александр Құмарұлы Ажғалиев.

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15